«Өрлеу – Шымкент» журналы – Мақалалар рәсімдеу тәртібі

«ӨРЛЕУ-ШЫМКЕНТ» ЖУРНАЛЫНА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Журналдың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім беру ортасын жетілдіру үшін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін ашатын өзекті зерттеулер, әдістемелік әзірлемелер мен материалдар жариялау арқылы жағдайлар жасау.

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалаларды қабылдайды.

Журнал шығарылымдарының жиілігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, жетоқсан).

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 1 нөмірге – 10 наурызға дейін, 2 нөмірге – 10 маусымға дейін, 3 нөмірге – 10 қыркүйекке дейін,  4 нөмірге – 10 желтоқсанға дейін.

Журналдың құрылтайшысы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалы болып табылады.

Журналды баспасөз басылымдарын және (немесе) ақпарат есепке алу туралы куәлік № 13735-Ж, берілген күні 11.07.2013 ж.

Мақаланы жолдау үшін пошта: shymkentorleu@gmail.com

Мақалалар келіп түсуіне байланысты жарияланады. Журнал электронды нұсқада.

Мақаланы жариялау бағасы: 6700 теңге.

«Өрлеу-Шымкент» журналына жариялау үшін мақаланы рәсімдеу тәртібі:

Мақаланың құрылымы келесі міндетті элементтерден тұрады:

– мақаланың тақырыбы (бас әріптер, қалың қаріп,);

– автордың аты-жөні және тегі – (қалың қаріп);

– жұмыс/оқу орны, қала, ел – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі (бар болса);  лауазымы;

– аңдатпа. аңдатпада мақсаты, негізгі нәтижелері және тұжырымдары қысқаша баяндалуы керек (курсив, қаріп өлшемі – 12). Аңдатпа ақпараттық және құрылымды болуы керек және мақала жарияланған тілде беріледі.

– негізгі мәтін

– қолданылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.5-98; ГОСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделуі керек. Барлық сілтемелер түпнұсқа тілінде берілуі керек. Мақалада келтірілген сілтемелер нөмірленген және төртбұрышты жақшаға салынған.

Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаны, библиографиялық тізімді қоса алғанда) 3 беттен кем емес және 5 беттен аспауы тиіс. Қолжазбалар Word форматында ұсынылады.

Мақалалар ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу», ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптары бойынша әзірленуі керек.

Редакцияға мақаланың электрондық нұсқасы ұсынылады.

Қойылатын талаптар:

* Пішім – WINDOWS жүйесіне арналған Microsoft Office Word.

* Гарнитура – Times New Roman (орыс және ағылшын тілдері үшін), KZ Times New Roman (қазақ тілі үшін).

* Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 14 нүкте, қаріп түсі қара.

* Жиегі: оң, сол, жоғарғы, төменгі – 2 см.

* Мәтінді парақтың еніне туралау.

 Абзац шегінісі – 1,0.

* Негізгі мәтіннің жоларалық интервалы – 1,0. Абзацтар арасында қосымша жоларалық бос орындар мен аралықтар болмауы керек.

* Теру кезінде стильдерді қолдануға жол берілмейді және бағандар орнатылмайды.

* Мәтін ішінен негізгі сөзді (ойды) белгілеу – курсив, қалың қаріп.

* Иллюстрациялар, суреттер тізбесі және оларға сызбалық жазулар мақала мәтіні бойынша ұсынылады. Электрондық нұсқада суреттер мен иллюстрациялар TIF немесе JPG форматында кемінде 300 dрі ажыратымдылығымен ұсынылады.

* Математикалық формулаларды Microsoft Equation Editor-да теру керек (әр формула бір объект).

Мақала келесі тәртіпте рәсімделеді:

мақаланың тақырыбы (бас әріптер, қалың қаріп, қаріп өлшемі – 14, туралау – ортасында);

автордың аты-жөні және тегі  (қалың қаріп, қаріп өлшемі – 14, туралау – ортасында);

– жұмыс/оқу орны, қала, ел – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі (бар болса);  лауазымы (қаралау қаріп, қаріп өлшемі – 14, туралау – ортасында);

аңдатпа. аңдатпада мақсаты, негізгі нәтижелері және тұжырымдары қысқаша баяндалуы керек (қаралау қаріп, курсив,  қаріп өлшемі – 12, туралау –ені бойынша). Аңдатпа ақпараттық және құрылымды болуы керек және мақала жарияланған тілде беріледі;

– аңдатпа мәтінінен кейін бір бос жол тастап, негізгі мәтін (қаралау қаріп,  қаріп өлшемі – 14, туралау – ені бойынша);

– негізгі мәтіннен кейін бір бос жол тастап, әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.5-98; ГОСТ 7.1-2003 сәйкес ресімделуі керек. Барлық сілтемелер түпнұсқа тілінде берілуі керек. Мақалада келтірілген сілтемелер нөмірленген және төртбұрышты жақшаға салынған.

Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаны, библиографиялық тізімді қоса алғанда) 3 беттен кем емес және 5 беттен аспауы тиіс. Қолжазбалар Word форматында ұсынылады.

Мақалалар ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу», ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптары бойынша әзірленуі керек.

 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар