«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «DEMEY» оңалту және түзету орталығында қайырымдылық акциясын өткізіп, орталық тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған қолдау көрсетті.
Акцияға филиал директоры Жуманова Гаухар Сайлаубековна қатысып, орталыққа арнайы барып, ұжымға жанкешті еңбектері үшін алғысын білдіріп, оңалту курсынан өтіп жатқан балаларға шынайы қолдау көрсетті.
Қонақтарды орталық директоры Ауренова Мәдина Дәулетқанқызы жылы қарсы алып, қолдау мен назар үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, ол орталықтың жұмысымен таныстырып, қолданылатын оңалту әдістері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қамқорлық туралы айтып берді.



Әлеуметтік жауапкершілік — «Өрлеу» миссиясының ажырамас бөлігі. Біз мұндай орталықтарды қолдау — ізгілікке, жанашырлық пен қамқорлыққа қосылған үлес деп білеміз. Бұл – тұрақты әрі инклюзивті қоғам құрудың негізі.