Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 день ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл; мемлекеттік немесе орыс тілін, ағылшын тілін меңгерген жөн.  

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Акционерлік қоғамдар туралы”Қазақстан Республикасының заңдарын, “Мемлекеттік мүлік туралы”, Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; 

Педагогикалық әдеп қағидалары, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары, педагогтерді аттестаттау қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар және Қызметті айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;  

– педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне көзқарастар; педагогтердің өмір бойы оқыту және үздіксіз кәсіби даму Тұжырымдамасы; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және сараптау, білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау және педагогтердің кәсіби құзыреттілігі әдістемесі, әдістемелік материалдарды әзірлеу; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқыту және курстан кейінгі қызмет кезінде педагогтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары; ұйымның имиджін қолдау. 

Негізгі міндеттері: 

  1. педагогтердің қажеттіліктерін және білім беру саясатының өзекті талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге, бейімдеуге және бекітуге;  
  1. педагогтерді оқыту және оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін, әдістемелік материалдары мен ресурстарын әзірлеуге;  
  1. педагогтерді біліктілікті арттыру курстарында оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;  
  1. педагогтерді біліктілікті арттыру курстарында оқыту бойынша профессор-оқытушылар құрамы (тренерлер) үшін оқыту іс-шараларын әзірлеуге және өткізуге;  
  1. біліктілікті арттыру курстары шеңберінде білім беру процесін әкімшілендіруді және құжаттауды жүзеге асыруға міндетті; 
  1. курстан кейінгі қолдау тәсілдерін әзірлеудің, педагогтер қызметінің нәтижелерін бағалаудың инновациялық қазақстандық және халықаралық тәжірибесіне шолу мен талдауды жүзеге асыруға;  
  1. курстан кейінгі қолдаудың, педагогтер қызметінің нәтижелерін бағалаудың тәсілдерін, әдістемелік материалдары мен ресурстарын әзірлеуге; 
  1. педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыруға; 
  1. педагогтер қызметін әдістемелік қолдау іс-шараларының (тренингтер, семинарлар, коучингтер, байқау, консультациялар, шебер-сыныптар және т. б.) сапасына мониторинг жүргізу және оны бағалау үшін материалдар әзірлеуге; 
  1. курстан кейінгі қолдау бөлігінде біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу үшін материалдар дайындауға қатысуға; 
  1. Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамы мен тренерлері, педагог-тәлімгерлер және білім беру ұйымдарының басшылары, білім басқармаларының әдіскерлері үшін педагогтердің қызметін әдістемелік қолдау бойынша әртүрлі форматтағы оқыту, консультациялық іс-шараларды әзірлеуге, ұйымдастыруға және өткізуге;     
  1. Департамент қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге, сараптама жүргізуге және бекітуге дайындауға, оқу-әдістемелік құралдарды, нұсқау хаттарды рецензиялауға; 
  1. Департаменттің қызметі бойынша әдістемелік деректер базасының мониторингін жүзеге асыруға. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 18 шілдені қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 21 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job