
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институты және Халықаралық инновациялар орталығы бірлесіп, қазақстандық педагогтерге арналған екі жаңа онлайн курсты іске қосады.
Курстар 15 тамыздан бастап «Өрлеудің» оқыту платформасында барлық педагогтерге жаңа оқу жылына дайындық ретінде қолжетімді болады.
Бұл жоба заманауи білім беру талаптарына сай, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курс тақырыптары: генеративті жасанды интеллектті оқыту үдерісінде қолдану; промпт-инжиниринг негіздері: педагогтерге арналған нұсқаулық.
Курс нәтижесінде педагогтер: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды меңгереді; сабақ мазмұнын оңтайландырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдерін үйренеді; промпт жазудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Бағдарлама педагогтерге жасанды интеллектті оқу үдерісіне жауапкершілікпен әрі әдістемелік тұрғыда сауатты енгізуге мүмкіндік береді.
Барша әріптестерімізді осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, кәсіби дамуға серпін беруге шақырамыз!