«Өрлеу» – «Jas Leader»: Көшбасшылық ұстаздан басталады

Астанада 28-31 шілде аралығында жасөспірімдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы аясында оқыту тренингі ұйымдастырылды.

Тренингке «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан директордың орынбасары Сәкен Серікбаев, кафедра меңгерушілері Жанар Исаева мен Жанар Жубауова қатысты.

Тренинг барысында команда құруға арналған тәжірибелік жаттығулар, белсенді оқыту әдістері, тиімді коммуникация мен топтық динамика техникалары, жасөспірімдердің мотивациясы мен жауапкершілігін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар орындалды. Сонымен бірге, қатысушылар көшбасшылық пен soft skills дағдыларын дамытуға арналған әдістерді меңгерді.

Оқыту нәтижесінде тренерлерге арнайы сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта «Jas Leader» жобасы аясында 5-11 сынып оқушыларына арналған көшбасшылық факультативтерін өткізу үшін педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар