28–31 шілде аралығында өткен оқыту бағдарламасын Болат Өтемұратов қорының кәсіби тренерлері жүргізді. Тренинг барысында қатысушыларға оқушылардың soft skills дамытуға бағытталған «Jas Leader» бағдарламасының әдістемелік негіздері мен құндылықтары таныстырылды.

Қорытынды кезеңде 60 қатысушы өз өңірлерінде әріптестерін оқытуға әзір екендерін растайтын сертификаттарға ие болды.
Наталья Бахмутова , «Jas Leader» жобасының авторы:
«Көшбасшылық – бұл тек командалық жұмысты ұйымдастыру емес, сонымен қатар ортақ құндылықтар мен тәсілдерге негізделген ішкі мотивацияның көрінісі. Ортақ ұстаным мен көзқарас үндестігі – кәсіби дамудың маңызды шарты»

Аида Мейірқұлова, «Өрлеу» БАҰО Басқарма төрағасының орынбасары:
«Бұл тренинг – «Өрлеу» мен «Болат Өтемұратов» қорының арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі. Біз оқушыға шабыт сыйлай алатын, оқыту тәсілін жаңаша ұсынатын жаңа формациядағы педагог-көшбасшыларды даярлау үшін күш біріктіріп отырмыз».