Жасанды интеллектіні қолдануға арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды

Қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға арналған онлайн оқыту басталды. LMS платформасында ақысыз қолжетімді бағдарлама мұғалімдердің кәсіби даярлығын жаңа оқу жылы қарсаңында заманауи талаптарға сай жетілдіруге жағдай жасайды.

«Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промпт-инжиниринг өнері» атты оқыту ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде әзірленіп, қазақстандық педагогтерге бейімделді.

Курс барысында педагогтер:

– жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды;

– промпт жазу әдістерін;

– сабақ жоспарлау тәсілдерін;

– тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді;

– иллюстрациялар жасауды;

– оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдану. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Жоба «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының және Халықаралық инновациялар орталығының бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда.

 Осы сілтеме арқылы өтіп, тіркеліңіз:https://reg.orleu.edu.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар