22 тамыз күні ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы аясында «Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Интерактивті алаңдар білім беру бөлімдерінің басшыларын, мектеп директорларын, әдіскерлерді, педагогтерді, сондай-ақ мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар озық тәжірибелерді, оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін және педагогикада жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Конференцияның пленарлық бөлімінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Жуманова Гаухар Сайлаубекқызы «Ұстаз» жаңа аттестация жүйесі – педагогтың үздіксіз кәсіби өсу құралы» тақырыбында баяндама жасады. Ол жаңартылған модельдің мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қолдаудағы және дамытудағы маңызын атап өтті.
Іс-шара тәжірибе алмасудың және жаңа идеяларды бөлісудің маңызды алаңына айналып, білім беру процесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізудің өзектілігін айқындады.







