Маңғыстау облысы филиалына жаңа басшы тағайындалды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіби дамыту институты» филиалының жаңа директоры Қайрат Қыпшақбайұлы Тлеуовті ұжымға Басқарма төрағасының орынбасары Аида Мейірқұлова таныстырды.

Қайрат Тлеуов — білім саласында 23 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Оның ішінде 7 жыл басшылық қызметтерде, 13 жыл педагогтердің біліктілігін арттыру саласында еңбек еткен.

Еңбек жолын 2001 жылы биология пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2012 жылға дейін Жаңаөзен қаласындағы мектептерде директордың орынбасары және мектеп директоры қызметтерін атқарды. 2012 жылдан бастап Ақтау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалында аға менеджер-тренер болып еңбек етті. Ол 15-тен астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың авторы әрі бірлескен авторы. Сонымен қатар, 35-тен астам біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, критериалды бағалау, инклюзивті білім беру, CLIL, Lesson Study, цифрлық трансформация, жобалық оқыту, коучинг сияқты бағыттарда кәсіби тәжірибе жинақтаған.

2023 жылы Нидерландыда, 2024 жылы Астанада өткен WALS халықаралық конференцияларында ғылыми баяндамалар жасады. Ал 2025 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өтетін конференцияға оның 4 ғылыми тезисі қабылданған.

Қайрат Тлеуов – Кембридж университетінің (CIE, 2013) деңгейлік курстары бойынша сертификатталған тренер, кейіннен «НЗМ» ДББҰ-да қайта сертификатталған. STEM саласы бойынша 4-деңгейлі ұлттық тренер («Jana Talap», Қазақстан–Таиланд, 2023), Microsoft Innovative Educator Expert (2020–2021) мәртебесіне ие. Сондай-ақ PRE-MBA «Білім берудегі инновациялық менеджмент» (AlmaU, 2024) бағдарламасын тәмамдаған.

«Өрлеу» ұжымы Қайрат Қыпшақбайұлының жаңа қызметінде табысты еңбек етіп, кәсіби жетістіктерге қол жеткізетініне сенім білдіреді.


 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар