Актуалды
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 6 дня ago

Өрлеу» БАҰО» АҚ  «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Біліктілік талаптары:

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі.

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,” Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін”, Қазақстан Республикасының” Білім туралы”,” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”,” Мемлекеттік сатып алу туралы”,” Акционерлік қоғамдар туралы ” Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының басқа да материалдары, сондай-ақ Ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, ұйымның құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері,операцияларды ресімдеу тәртібі және есепке алу учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржылық есептеулердің нысандары мен тәртібі, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, ішкі шаруашылық резервтерін анықтау әдістері, ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібі, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу қағидалары, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібі, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу қағидалары, тәртібі мен мерзімдері есептілікті жасау, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу қағидалары, есептеу техникасының заманауи құралдары және оларды ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін есепке алу-есептеу жұмыстарын орындау және талдау үшін қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін, қаржылық есептіліктің халықаралық ұлттық стандарттарын, Қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс, экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару, өндіріс технологиясының негіздерін, Нарықтық басқару әдістері, шарттар жасасу және ресімдеу тәртібін, Еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Жеке қасиеттері

·         Көпшіл

·         Жауаптылық

·         Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің  Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

суреті бар түйіндеме;

ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 16.09.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87754889370

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job