Актуалды
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 дня ago

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің жүргізушісі

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:  

Көлік құралдарын басқаруға арналған D санатты жүргізуші куәлігінің болуы, көлік құралын басқару тәжірибесі үш жылдан кем емес.

Білуі тиіс: Автомобильдердің жол қозғалысы және техникалық пайдалану қағидаларын; қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу қағидаты және жұмысы; автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақауларды анықтау және жою себептерін, тәсілдерні; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібі мен гараждарда және ашық тұрақтарда автомобильдерді сақтау қағидаларын; аккумуляторлық батареялар мен автомобиль шиналарын пайдалану қағидаларын; жаңа автомобильдерді іске қосу ережелері және күрделі жөндеуден кейін; ауа-райының көлік жүргізу қауіпсіздігіне әсері; жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерні; жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібні; қызмет көрсетілетін автомобильдің жұмысын есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды толтыру қағидаларын, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2) Түйіндеме;

3) Жеке куәлігі;

4) Қажетті кәсіптік білімін растайтын құжаттары мен еңбек кітапшасының көшірмелері.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 16.09.2025ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87754889370

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 509 бөлме.

Кандидаттың құжаттарды нақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job