2-5 қыркүйек – филиал тренерлерінің кәсіби даму апталығы. Бүгінгі күн Scrum Education әдістемесіне арналған шеберлік сыныбымен басталды. Шеберлік сыныбын біліктілік арттыру саласындағы тәжірибелі тренер – Жанар Жубауова жүргізді.
Әдістемелік шарада инновациялық оқыту тәсілдері мен командалық дағдыларды дамытуға қызығушылық танытқан оқытушылар Scrum негіздерімен және жүргізу қадамдарымен танысты. Басты назар Scrum тақтасын оқу процесіне бейімдеуге аударылды, бұл тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, коммуникацияны жақсартуға және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушылар Scrum әдістемесін өз тәжірибесіне енгізу туралы пікірлерімен бөлісті. Scrum Education әдістемесі әр педагогтің кәсіби дамуына жаңа серпін береді.

