Елімізде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тапты. Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды.
Бүгін Қызылорда Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы аясында институт қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына мектепке арналған оқу құралдарының сертификаты табыс етілді.
«Өрлеу» Қызылорда филиалының ұжымы Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына алғыс білдіреді.


