Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтер мен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының алғашқы легі сәтті аяқталды.
Бес күндік курс барысында педагогтер қаржыны тиімді басқарудың негізгі қағидаларын, отбасылық бюджетті жоспарлау тәсілдерін, инфляция мен инвестицияның қыр-сырын, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік негіздерін меңгерді.
Бұл бастама – тек мұғалімдердің кәсіби дамуына ғана емес, болашақ ұрпақтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға да үлкен үлес қосады. Алғашқы курсты аяқтаған педагогтер енді өз оқушыларына осы бағыттағы құнды білімді жеткізетін болады.

