Қуанышты жаңалық!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызы ғылым жолындағы тағы бір үлкен жетістігіне қадам басты. Әріптесіміз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетіне докторантураға түсіп, мемлекеттік грант иегері атанды.
Сандуғаш Оралханқызының алдағы ғылыми жолында жаңа белестерді бағындырып, білім беру саласының дамуына зор үлес қосуына тілектеспіз.
Ізденісіңіз сәтті, еңбегіңіз жемісті болсын!
