Маңғыстау облысында қаржылық сауаттылық курсы басталды

Бүгін Маңғыстау облысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының екінші легі басталды.

Курс педагогтерге қаржылық сауаттылықты оқыту әдістерін үйретіп, ұлттық қаржы жүйесі, инвестиция негіздері, жеке қаржыны басқарудың заманауи тәсілдері секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Өрлеу-Маңғыстау филиалының директоры К.Тлеуов курс тыңдаушыларына сәттілік тілеп, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, бұл курс мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін беретінін және білім беру процесіне оң әсер ететінін айтты.

Бұл бастама – қаржылық мәдениетті білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізуге және оқушылардың қаржыны тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Еске сала кетейік, өткен аптада курстың бірінші легі сәтті аяқталды. Педагогтер оқу барысында алған білімнің пайдалы әрі тәжірибеге бағытталғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

«Өрлеу» мен ҚР Ұлттық банкінің серіктестігі мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, өскелең ұрпақтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар