Сыр өңірінде ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті

Бүгін Өнер орталығында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті.

Тамыз конференциясында өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен маңызды бастамалар жан-жақты талқыланды.

Жиын соңында білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін білім саласының қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, облыс әкімінің Алғыс хаты, кіші буын қызметкерлеріне министрдің Алғыс хаты табысталды. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына Шиелі ауданындағы №47 мектеп-лицейі лайық деп танылды.

Жаңа оқу жылы жетістікке, табысқа толы болсын! Сыр ұстаздары жасай берсін!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар