Бастауыш сынып педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті

2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтерінеарналған біліктілікті арттыру курс аясында Алматыкітап баспасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес бастауыш мектептегі сабақтарда және сабақтан тыс уақытта балаларды тәрбиелеудің мазмұны» тақырыбында қалалықсеминар өтті. 

Семинар аясында:

✓ Алматыкітап баспасы оқулықтары ҚР Оқу-ағарту министрлігі БМСО сараптамасынан өткен.

✓ Тыңдаушылар Алматыкітап баспасының«TopIQ» электрондық оқулықтар платформасымен танысты. Платформа онлайн, ал мобильді қосымшасы офлайн форматта жұмыс істейді.

✓ Сонымен қатар App-store, Google play қосымшалары арқылы   ұялы телефонға, кез келген цифрлық құрылғыларға қалай жүктеп, өз сабағында қалай тиімді пайдалануды үйренді.

✓ Тыңдаушылар болашақта өзіне қажетті оқулық немесе оқу-әдістемелік кешенді интернетсіз қолдана алады.

✓ Алматыкітап баспасының мультимедиалық қосымшалар мен оқу материалы интерактивті режімде қолжетімді.

      Білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған маңызды ақпараттарды ынтымақтаса зерделеді. Тыңдаушылар осы салада жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығын талқылады. Болашақта да бірлесе жұмыс жүргізуді жоспарлады.

    Семинарды ұйымдастырушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша  Кәсіби даму институты «Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушыcы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Нарсеитова Фатима, ЖШС «Алматыкiтап баспасының» Президенті – Гаухар Айтжановна Саймасаева, PR-бөлімінің бас әдіскері Ерболат Арайлым Ерболатқызы семинарға арқау болып,белсене қатысты. Семинар жоғарғы деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар