Әдістемелік күн – кәсіби даму алаңы!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында ұстаздарға арналған мазмұнды әдістемелік күн өтті. Шара барысында тың тақырыптар қозғалып, заманауи педагогикалық тәсілдер талқыланды.

Нұргүл Даулетова – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша нәтижелер мен жаңа оқу жылындағы басымдықтар туралы мазмұнды баяндама жасап, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзекті тұстарына тоқталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра аға оқытушысы Алтынай Аронова «Сторителлинг – оқиға арқылы ақпаратты жеткізу әдісі» тақырыбындағы тренинг өткізіп, қатысушыларға ақпаратты әсерлі жеткізу мен оқушылармен тиімді байланыс орнатудың жаңа тәсілдерін ұсынды.

Меруерт Дюсенова – Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра аға оқытушысы ұйымдастырған шебер-сыныпта қатысушылар жасанды интеллект көмегімен презентация жасаудың практикалық әдістерімен, білім берудегі цифрлық мүмкіндіктермен таныстырды.

Осындай мазмұнды іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, білім саласына жаңа серпін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар