Тіл – ұлт болмысының айнасы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мазмұнды шара өтті.

Мерекелік шараны Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының бастауымен музыка пәні және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне арналған курстардың тыңдаушылары ұйымдастырды.

Алдымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Галимжанова құттықтау сөз сөйлеп, тілдің ұлттың рухы мен тұтастығын сақтаудағы рөліне тоқталды. Ол педагогтерге кәсіби ізденісте жаңа белестер тілеп, «Өрлеу» ұжымына бірлік пен жетістіктер тіледі.

Іс-шара барысында қазақ тіліне байланысты танымдық сайыстар мен түрлі конкурстар өткізіліп, тыңдаушылар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық күйлер мен қазақтың халықтық туындыларын орындады.

Бұл мереке тілге деген құрметті арттырып, рухани бірлікті нығайтудың айқын көрінісіне айналды.

Тарихи анықтама:

Қазақстанда тілдер мерекесі алғашында 22 қыркүйекте аталып өтетін. 2017 жылдан бастап мереке күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл күн – ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2018 жылдан бері Қазақстан халқы тілдері күні дәл осы датада атап өтіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар