Педагогтердің қаржылық сауаттылығы: екінші курс аяқталды

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау облыстық филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты курстың екінші легі сәтті аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа білім жобасы ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен ынтымақтастығы аясында жүзеге асуда.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары Балауса Жалмуханова тыңдаушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат табыстап, ұстаздарға алған білімдерін өз тәжірибесінде тиімді пайдаланып, шәкірттерге қаржылық мәдениетті қалыптастыру жолында сәттілік тіледі.

Барша тыңдаушыларға кәсіби шыңдалу жолында табыс, жаңа білімді игеруде жарқын жетістіктер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар