29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өтеді.
Курс қазақ және орыс тілдерінде, төмендегі тақырыптар бойынша өтеді.
- Жас педагогтің кәсіби дамуындағы тәлімгерлік.
- Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті.
- Тәрбие жұмысының менеджменті.
- Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру.
- Эмоционалдық интеллект – педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы.
- Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі.
- Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар.
- «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
- Ағылшын тілін оқыту мен оқуда рецептивті және продуктивті дағдыларды дамыту.
- Исследовательская и проектная деятельность обучающихся начальной школы.
Курс барысында ұстаздар теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді меңгереді. Интерактивті әдістерді үйрену арқылы, алдағы өз сабақтарына тың серпін беруге мүмкіндік жасайды. Әр дәріс жаңашылдыққа толы болғандықтан, тыңдаушылар кәсіби даму жолында жаңа қадам басатынына сенімдіміз.
Ізденіс жолындағы барша ұстазға жаңа тәжірибе, айқын мақсат және мол табыс тілейміз!
Курсқа орын саны шектеулі. Курсқа қатысты толық мәліметтерді https://orleu-edu.kz/almaty/ сайтынан оқи аласыздар. Техникалық мәселелер туындаған жағдайда 87272485693 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
