Осы уақытқа дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы аттестация ережелері, құжат тапсыру тәртібі және комиссия жұмысына байланысты ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Педагогтермен жеке кездесулер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді. Соның нәтижесінде жарты миллионға жуық мұғалім қамтылды.
Түсіндірме жұмыстары мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасады.
