InTrend: Педагогтың тұрақты кәсіби дамуының ресурсы ретінде тәлімгерлік: формадан мазмұнға қарай

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында InTrend корпоративтік оқыту бағдарламасы жалғасуда. Орталық аппарат пен өңір қызметкерлеріне AELLCA ұлттық консультанты, Ақтөбе филиалының аға оқытушысы Наталья Пеннер «Педагогтың тұрақты кәсіби дамуының ресурсы ретінде тәлімгерлік: формадан мазмұнға қарай» тақырыбында дәріс оқыды.

Оқыту барысында қатысушылар біліктілікті арттыру курстарынан кейін мұғалімдерде туындайтын қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады. Мәселен, ауыл мектебінде CLIL әдісін енгізу, ата-аналардың критериалды бағалау қағидатын түсінбеуі, инклюзивті білім беру жағдайында әріптестер тарапынан қолдау мен түсіністіктің болмауы және цифрлық құралдарды пайдаланудағы қиындықтар секілді тақырыптар қаралды.

Спикер елімізде тәлімгерлік ресми түрде енгізілгенімен, тәжірибеде көбіне формалды сипатта қалып қоятынын атап өтті. Сондай-ақ АҚШ пен Еуропадағы коучингтік үлгілер, Сингапур мен Кореядағы мұғалімдерге арналған жүйелі бағдарламалар сараланып, оларды отандық білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар