Өрлеу басшылығымен кездесу өтті

Бүгін Алматы қаласындағы «Өрлеу» институтына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова іссапармен келді.

Кездесу барысында филиал директоры Ержан Мельдебеков институтта атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асқан жобалар және алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндады. Ол педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған курстар, семинарлар мен жаңа форматтағы білім беру бағдарламалары жайында нақты ақпаратпен бөлісті.

Басқарма төрағасы Айдана Сенбекқызы ұжым еңбегіне жоғары баға беріп, қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Өрлеудің алдағы уақыттағы жоспарымен таныстырып, оқытушы-тренерлерге алғысын білдірді. Олардың еңбегінің Ұлттық орталықтың беделін көтеруде маңызды аспект екенін ерекше атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар