Өрлеу-Қостанай филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Биылғы дәстүрлі сайысқа облыстың 1403 ұстазы қатысып, 7 бағыт бойынша бақ сынады. Байқау нәтижесінде 42 педагог жүлделі орындарға ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, 7 ұстаз республикалық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға алдағы шығармашылық табыстар тілейміз!