06-17 қазан аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өтеді.
Курс қазақ және орыс тілдерінде, төмендегі тақырыптар бойынша өтеді.
- Эффективные пути обучения географии аспектам охраны окружающей среды
- Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту
- Білім берудегі менеджмент
Курс барысында ұстаздар теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді меңгереді. Интерактивті әдістерді үйрену арқылы, алдағы өз сабақтарына тың серпін беруге мүмкіндік жасайды. Әр дәріс жаңашылдыққа толы болғандықтан, тыңдаушылар кәсіби даму жолында жаңа қадам басатынына сенімдіміз.
Ізденіс жолындағы барша ұстазға жаңа тәжірибе, айқын мақсат және мол табыс тілейміз!
Курсқа орын саны шектеулі. Курсқа қатысты толық мәліметтерді https://orleu-edu.kz/almaty/ сайтынан оқи аласыздар. Техникалық мәселелер туындаған жағдайда 87272485693 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.