Қазақстанның педагогтерді жасанды интеллект негіздеріне жаппай оқыту тәжірибесі ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаланып, халықаралық үлгі ретінде ұсынылды.
Ресми жарияланымда ЮНЕСКО өкілдері мыналарды ерекше атап өтті:
- білім беру контентін жедел әрі сапалы бейімдеу,
- мұғалімдердің жоғары қызығушылығы мен белсенділігі,
- онлайн формат үшін сирек кездесетін көрсеткіш – қатысушылардың 71%-ы бағдарламаны толық меңгеріп шықты.
Бұл нәтиже қазақстандық педагогтердің цифрлық құзыреттерді меңгеруге және білім беру үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізуге дайын екенін көрсетеді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-ға стратегиялық қолдауы, мұғалімдердің жасанды интеллект саласындағы кәсіби дағдыларын дамытуға қосқан үлесі және білім берудегі тең қолжетімділік пен инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілеткені үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Өз кезегінде «Өрлеу» еліміздің педагогтерін қолдауды жалғастырып, оларға үздік білім беру контентіне қолжетімділік ұсынып, кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер жасай береді.