Құрметті педагогтер!
Әлеуметтік желілерде педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс сатылады деген жалған ақпарат тарауда. Бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі әзірлеген қаржылық сауаттылық курсы – педагогтерге арналған тегін жоба. 2025 жылдың соңына дейін мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытатын 6 мыңға жуық мұғалім осы оқудан өтеді. Тыңдаушылар тізімі білім басқармалары арқылы алдын ала бекітіледі, қосымша қабылдау жүргізілмейді.
Барлық ресми ақпарат тек «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады: https://orleu-edu.kz.