Құттықтау сөзін Солтүстік Қазақстан облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы ұйымының төрайымы Салима Макишева айтты (Петропавл қ.).
Шақырылған қонақтар қатарында әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары және балабақша меңгерушілері болды.
Тікелей қосылымда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім сапасын бағалау департаментінің сарапшысы Алия Иманова бағалау рәсімінің қалай өткенін, сарапшылардың қандай критерийлерге назар аударғанын және биыл қатысушылар ұсынған қызықты идеялар туралы айтып берді.
Филиал директоры Лейла Альмагамбетова «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының маңыздылығын атап өтіп, жұмыстарға талдау жасады. Байқауға республика бойынша барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарынан 16 мыңнан астам педагог қатысып, Солтүстік Қазақстан облысынан 662 өтінім қабылданды.
Салтанатты жағдайда 1, 2 және 3 орын иегерлері атанған 41 жеңімпаздың есімдері жарияланды. Құттықтаймыз!