Бір мақсат – сапалы білім, ортақ мүдде – кәсіби даму: серіктес мектеп ұжымдары марапатталды

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының біліктілікті арттыру жұмыстарына белсенді қолдау көрсетіп жүрген, педагогтердің кәсіби өсуіне және білім сапасын арттыруға үлес қосып келе жатқан серіктес мектептердің ұжымдарына Алғыс хаттар табысталды.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді тарату ісінде бірлескен серіктестіктің маңызы зор. Осы бағытта ұзақ жылдар бойы қолдау көрсетіп келе жатқан серіктес мектеп ұжымдарына және олардың басшыларына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Ұстаздардың еңбегін бағалау – білімге деген құрметтің көрінісі. Ортақ мақсат – сапалы білім мен кәсіби дамуды қамтамасыз ету жолында ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенім білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар