ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ – МӘҢГІЛІК

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Ұстаздар күніне арналған «Қалдырған ізің – мәңгілік» атты мерекелік жиын өтті.

Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірдегі ең үздік педагогтарды марапаттады.

Салтанатты шара барысында бірқатар мұғалім ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сондай-ақ «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жалпы мереке аясында:
• 92 педагог ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатына ие болса,
• 36 ұстаз өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды,
• Ал 400-ден астам мұғалім облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарын алды.

Мерекелік шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Ғалымжанова да қатысты.

Барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар