Математика пәнінің ұстаздарына арналған қалалық семинар өтті

Бүгін №178 мамандандырылған лицейде «Функционалдық математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

Іс-шараны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты мен №178 мамандандырылған лицей бірлесе ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тиімді әдістер мен технологияларды тәжірибеге енгізу.

Күннің алғашқы бөлігінде қатысушыларды лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері К.Х. Шадиев және «Өрлеу» Кәсіби даму институтының “Жаратылыстану-математика бағытындағы” кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент, «Ы. Алтынсарин» және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері С.Т. Мухамбетжанова құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Одан әрі «Үздік педагог» атағының иегерлері А.И. Бектасова мен Л.Е. Амалбекова тәжірибелерімен бөлісіп, ұстаздарға арналған құнды кеңестер берді.

Семинар барысында Б.Т. Китапбаева авторлық бағдарламалар жазудың қадамдық алгоритмін таныстырды. Ал Алматы қаласының математика пәні мұғалімдері – А. Жайна, А. Нурбекова, С. Окпебаева, А. Алшынбаева, Д. Рахымбекұлы, Б. Шалхарова, С. Есенгалиев, М. Курганбаев, Т. Ахметқызы, Г. Ильясова – өздерінің авторлық жұмыстарымен бөлісіп, тиімді тәсілдер мен тәжірибелер ұсынды.

«Жаңа математика оқулықтары: инновациялар мен авторлық шешімдер» секциясында А. Бектасова, Л. Амалбекова, Д. Мамутова, Т. Сансызбай жаңа оқулықтардың ерекшеліктерін таныстырды. Сонымен қатар жас мамандар А. Бекқұл, Д. Расыл, А. Омарбекова олимпиадалық есептерді шешу тәжірибесін көрсетті.

Қорытынды бөлімде Б. Китапбаева, Г. Смагулова, А. Алшынбаева, А. Садыкова, Г. Сұлтанова функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: идеялар, тәжірибе, ұсыныстар» тақырыбында пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар