«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» курсы аясында қалалық семинар өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында 2025 жылғы 29 қыркүйек – 10 қазан аралығында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курс өтіп жатыр.

Курс барысында №180 мектеп-гимназияда «Бастауыш білімдегі құндылықтар: тұлға тәрбиесінің іргетасы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – бастауыш сыныптарда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісінде тиімді қолдану.

Курс тыңдаушылары қалалық семинарға барып, тәжірибе алмасып қайтты.

Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары, курс жетекшісі Н.А. Карабалаева мен аға оқытушы Ф.С. Нарсеитова, сондай-ақ Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар