Биылғы өңірлік кезеңіне қатысушылар саны үш есе артты, еліміздің түкпір-түкпірінен 16 мыңға астам педагог өз жұмыстарын ұсынды, сонын ішінде Шымкент қаласынан – 1120 педагог.
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шықты.
Сараптамалық комиссия қорытындысы бойынша жеті бағыт бойынша 816 жұмыс үздік деп танылды, Шымкент бойынша – 41 педагогтің жұмыстары өңірлік кезеңінен өтті.
Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалында білім саласындағы озық идеялары мен шығармашылығымен ерекшеленген педагогтерді «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
І-орын жеңімпаздары:
1. Орынбасарова Жазира Нурпейсовна – Жаратылыстану сауаттылық батығы бойынша
2. Тілесқызы Тоғжан – Математикалық сауаттылық бағыты бойынша
3. Мунайтбасова Гулзина Кураковна – Мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша
4. Ботбаева Меирбан Кишкенебаевна -Қаржылық сауаттылық бағыты бойынша
5. Иманов Нуралы Бердиханович – Цифрлық сауаттылық бағыты бойынша
6. Еркін Ақерке Махмұтқызы – Оқу сауаттылық бағыты бойынша
7. Қалаубек Сымбат Мұсаханқызы – Экологиялық сауаттылық бағыты бойынша.
Келесі кезеңде қатысушылар өз идеяларын оқу үдерісінде қолдану тәжірибесін бейнеролик форматында көрсетуі тиіс. Ең үздік бейнероликтер «Өрлеу» орталығының YouTube-арнасына жарияланып, «Ең көп қаралған бейне» номинациясы бойынша қосымша марапатталады.
Барлық қатысушылар электронды сертификаттарға ие болады. Сертификаттар жеке кабинеттерде қолжетімді болып, қатысушылардың электронды поштасына жолданады.