«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының республикалық кезеңіне өтініштер қабылдануда
Өңірлік кезеңде өз идеяларын жазбаша түрде ұсынып, жеңімпаз болған педагогтер енді олардың оқу үдерісінде қолданылуын бейнеформатта көрсетуі қажет.
Бейнематериалдар 3 қарашаға дейін ppi.orleu.edu.kz платформасында қабылданады.
Бұл видеода республикалық кезеңге өтініш беру процесі кезең-кезеңімен көрсетілген.
Байқау жеңімпаздары ТМД елдері арасындағы Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтердің аттестаттау үдерісінде ескеріледі.