Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық мұғалімі, көрнекті ағартушы, педагог Құсиын Айтқалиұлының 95 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 1-секцияның отырысы өтті.
Секцияның модераторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет.
Секция барысында Құсиын Айтқалиұлының әдістемелік мұрасы мен ұстаздық шеберлігіне арналған мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар педагогтың тәжірибесінің бүгінгі заман талабындағы өзектілігін, оның әдістемелік қағидаларының заманауи оқыту жүйесімен үйлесімін талқылады.
Баяндамалар тақырыптары:
• «Қазақ тілін оқытудағы әдістемелік ізденістер және Құсиын Айтқалиұлы тәжірибесі»;
• «Қ.Айтқалиұлының әдістемелік мұрасы, педагогикалық идеялары және ұстаздық жолы»;
• «КСРО халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев әдістерінің қазіргі заман талабындағы оқу сауаттылығын дамытуда креативті тапсырмалармен үндестігі»;
• «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуындағы Қ.Айтқалиұлы өнегесі»;
• «Қ. Айтқалиұлының педагогикалық идеялары және қазіргі білім беру жүйесі»;
• «Құсиын Айтқалиев – ұлттық педагогиканың шырақшысы».
Секция қатысушылары ұстаздың әдістемелік қағидалары мен ұлттық білім берудегі рөліне жоғары баға беріп, оның мұрасы қазіргі заман мұғалімдерінің кәсіби дамуына үлгі болатынын атап өтті.