3-секцияның жұмысы қазіргі заманғы білім мен тәрбиенің өзара байланысына және адал, ұлтжанды азамат тұлғасын қалыптастыру мәселесіне арналды.
Секцияның модераторы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы кафедра меңгерушісі – Нургул Алдабергеновна Даулетова
Секция барысында қатысушылар жаһандану дәуіріндегі білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбие рөлін, мұғалім мен сынып жетекшісінің оқушының азаматтық болмысын қалыптастырудағы жауапкершілігін, сондай-ақ білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтау маңызын талқылады.
Секцияда ұсынылған баяндамалар тақырыптары:
• «Steam технологияларын тарих сабақтарында қолдану»;
• «Ел болашағы – адал ұрпақ, тірегі – сынып жетекші»;
• «Жаһандану дәуіріндегі білім беру мен тәрбие: адал азамат тәрбиесінің маңызы»;
• «Білім мен тәрбиенің сабақтастығы: бүгінгі өзекті мәселелер және болашақ ұрпақ»;
• «Заманауи білім беру мен тәрбие: өзекті мәселелер және адал азамат тұлғасы».
Секция жұмысы барысында білім мен тәрбие процесіндегі құндылықтар жүйесін жаңғырту, заманауи технологияларды тәрбиелік бағытта пайдалану және оқушылардың сыни ойлау, адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдары жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар педагогикалық тәжірибелерін ортаға салып, адал, елжанды ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімнің кәсіби және рухани рөлін айқындады.
Секция соңында талқылау жүргізіліп, конференцияның қорытындысы мен ұсыныстар қабылданды.