«EdTech дәуіріндегі педагог: цифрлық трансформация және кәсіби даму»

4-секция жұмысы заманауи білім берудегі цифрлық трансформация мен педагогтардың кәсіби дамуына арналды.

Секцияның модераторы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы кафедрасының аға оқытушысы Каленова Гүлзахира Сапарғалиевна.

Секция барысында қатысушылар EdTech дәуіріндегі педагогтің жаңа рөлі, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын талқылады.

Секцияда ұсынылған баяндамалар тақырыптары:
• «Внедрение информационных технологий и искусственного интеллекта в педагогику и методику обучения»;
• «EdTech дәуіріндегі педагог: цифрлық трансформация және кәсіби даму»;
• «Using online platforms for visual English learning»;
• «Кәсіби дамуындағы цифрлық трансформация»;
• «EdTech дәуіріндегі педагог: цифрлық трансформация және кәсіби даму».

Баяндамашылар цифрлық білім беру экожүйесінің мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, жасанды интеллект пен онлайн платформаларды оқу процесінде қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар заманауи мұғалімнің кәсіби дамуы үздіксіз оқыту мен инновациялық ойлауға негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Секция қорытындысында спикерлер білім беру сапасын арттыруда цифрлық технологиялардың маңыздылығын және EdTech құралдарының мұғалім еңбегін жеңілдетудегі рөлін айқындады.
Талқылау соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстар қабылданып, кәсіби дамуды цифрландыру бағытында нақты идеялар ұсынылды.

Бұл секция педагогтердің жаңа ғасыр талабына сай цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, инновациялық ойлау мен үздіксіз кәсіби дамуға бағытталған маңызды пікірталас алаңы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар