Республика күніне орай мини-форум өтті

Республика күніне орай Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 мектеп – гимназиясының базасында «Бір пакет — көптеген салдар» тақырыбында мини-форум ұйымдастырылды. Іс-шараны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты мен Жамбыл облысы полиция департаментінің кинологиялық қызметі бірлесе өткізді.

Форумның негізгі мақсаты — жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге, соның ішінде есірткі заттарының айналымына тартудан қорғау жолдарын талқылау, құқықтық сауаттылық пен жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу болды.

Шараға институт директоры Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы қатысты.

Іс-шара барысында полицияның аға сержанты Чапышев Артём «Есірткі — болашаққа соққы» атты бөлімде қызметтік иттердің жұмысын көрсетіп, есірткі қылмыстарымен күрестегі кинологтардың маңызы туралы әңгімеледі. Ал полиция старшинасы Пшаев Айдын оқушылармен «Сұрақ–жауап» форматында кездесу өткізіп, құқықтық жауапкершілік пен өзін-өзі қорғау жолдары жөнінде түсіндірме берді.

Форум соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, полиция қызметкерлерімен ашық әрі сенімді диалог орнатуға мүмкіндік алды.

Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін арттыруға, есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға және қоғамда саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар