Республика күні қарсаңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде табыс етті.
Министр ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
Педагогика саласында 38 жылдық тәжірибесі бар, «Өрлеу» Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Софья Измуханбетова да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ал Ақтөбе облыстық филиалының жаратылыстану-математика кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының магистрі Бәдигүл Асанбай «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – білім беру саласына дамуына, оқу сапасын арттыруға және ел игілігіне қосқан үлестің жоғары бағасы.





