«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Актуалды
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша басқа да кәсіби білім; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл; мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білуі құпталады.
Ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар тұлғалар үшін педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл болуы қажет.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, сондай-ақ білім беру саласының даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, педагогикалық этика нормаларын, менеджмент пен экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, андрагогика мен синергетика қағидаттарын, еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, өрт және техника қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық нормалар мен ережелерді, білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару үдерістерін, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау тәсілдерін білуі тиіс.
Негізгі міндеттері:
- Филиал құрылымдарының қызметіне нормативтік құқықтық актілер мен жарғыға сәйкес басшылық жасау, сондай-ақ өз лауазымдық өкілеттігі шегінде филиал директорының тапсырмаларын орындау;
- Қоғамның стратегиялық дамуы аясында филиалдың академиялық қызметін дамыту жоспарын және филиал қызметінің сапасын ішкі бағалау жүйесін әзірлеу;
- Филиалдың оқу, әдістемелік және ғылыми қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, академиялық мәселелер бойынша отырыстар өткізу, филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын келісу;
- Филиал бойынша есептілікті дайындауды және оны уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
- Филиал қызметкерлерінің еңбек нормаларын, ақпараттық қауіпсіздік, өрт және техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау ережелерін сақтауын бақылау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, этика және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру;
- Педагогтардың біліктілігін арттыру және курстан кейінгі қолдау жоспарын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру және бақылау, курстарды саралап жасақтау және өткізу, оқу және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, өңір үшін өзекті тақырыптар бойынша мақсатты курстарды жүзеге асыру;
- Филиал қызметін іске асыру үшін кадрларды іріктеу және оларды филиал басшысына ұсыну, құрылымдық бөлімшелердің функционалдық міндеттерін бөлуге, оқытушылардың педагогикалық жүктемесін және тартылған оқытушыларды іріктеуді бақылау;
- Өңір педагогтерінің кәсіби дамуы мен аттестаттауда инновациялық тәжірибені жинақтау, тарату және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында филиалдың оқу-әдістемелік және әдістемелік жұмысын үйлестіру;
- Біліктілікті арттыру жүйесінде маркетингтік зерттеулер жүргізу, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу, ғылыми журналды дайындау және шығару, филиалдың Ғылыми кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша филиалдың ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
- Филиал қызметкерлерінің әдістемелік және ғылыми әлеуетін арттыруды, жоғары білікті мамандар командасын қалыптастыруды және филиалда кәсіби даму ортасын құруды үйлестіру;
- Өңір педагогтерінің біліктілігін арттырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру, ғылыми және басқару ұйымдарымен ынтымақтастық орнату.
- Өз лауазымдық өкілеттігі мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері шеңберінде Филиал мен Қоғамның жобаларына, жұмыс топтарына, комиссияларына және өзге де қызмет түрлеріне қатысу;
- Еңбек нормалары мен педагогикалық этика қағидаттарын, ақпараттық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы салалардағы белгіленген нормаларды ұстану;
- Филиал директоры мен филиалдың қала/облыс бойынша өкілдігінің басшысы уақытша болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Кәсіби даму институты филиалына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) немесе жеке өзі келіп төменде көрсетілген құжаттарды тапсырады:
- жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім (белгіленген нысан бойынша);
- байқау комиссиясы төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар өзекті түйіндеме, онда жеке деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибе, білім деңгейі, жобаларға қатысу, жетістіктер, тілдерді білу, қызығушылықтар (хобби) және т.б. толық әрі нақты көрсетілуі тиіс;
- талап етілетін кәсіби білімді, еңбек өтілін және біліктілікті растайтын құжаттар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми дәрежені растайтын құжаттардың көшірмелері (ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD)); ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент); қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері; қосымша оқудан өткені туралы құжаттар (бар болса); ғылыми еңбектердің, әдістемелік жарияланымдардың және өнертабыстардың тізімі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс талаптарына сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар; біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат; қажет болған жағдайда алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хаттар.
Конкурсқа келген кезде жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, сондай-ақ:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын жеке куәлік немесе төлқұжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдардан берілген қандас куәлігін ұсынады;
- Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) немесе босқын куәлігі.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2025 жылдың 7 қарашасына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Пролетарская көшесі, 86, анықтамалар алу үшін телефондар: 8 (7142) 54-16-17, электрондық пошта: ipk_kostanay@mail.ru
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 10 қарашасы, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Пролетарская көшесі, 86.
Байқау уақыттары туралы ақпарат қатысушыларға қосымша телефон арқылы хабарланады.
Кандидаттың құжаттарды уақытында немесе толық тапсыруы болмаған жағдайда, бұл құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

