БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМГЕРЛІК

31 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы базасында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің ӘК әдіскерлері, педагог-тәлімгерлер мен жас мұғалімдердің қатысуымен мазмұнды семинар өтті.

Семинардың мақсаты – педагогикалық тәжірибе алмасу арқылы тәлімгерлікті дамыту, кәсіби қолдауды нығайту. Семинардың ашылуында филиал директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С. Измуханбетова құттықтау сөз сөйлеп, тәлімгерліктің заманауи білім беру жүйесіндегі маңызын атап өтті.

Бағдарлама барысында қатысушылар:

«Өрлеумен бірге өрле!» жобасымен танысып, бейнешолу тамашалады;

«Білім берудегі педагогикалық тәлімгерлік» тақырыбындағы презентацияны талқылады;

«Тарихи шолу: әлемдегі және Қазақстандағы тәлімгерліктің эволюциясы»,
«Білім пазлы» және «Тәжірибе – өрлеудің өзегі» атты сессиялық жұмыстарға белсене қатысты.

Қорытынды бөлімде қатысушылар «Self-check хат» форматында өз рефлексияларын білдіріп, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар