«Заманауи білім беру кеңістігіндегі педагогикалық кәсібилік пен жаңашылдық»

  • 21.11.2025 - 10:00
  • "Өрлеу-Атырау" филиалы

📢 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылғы 21 қарашада өтетін АЙМАҚТЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАДЫ!

🎓 Семинар тақырыбы:
«Заманауи білім беру кеңістігіндегі педагогикалық кәсібилік пен жаңашылдық»

🎯 Мақсаты:
Білім берудің жаһандық өзгерістеріне сәйкес педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және 🧠 жасанды интеллект (AI) әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану.

📚 Семинар бағыттары:
1️⃣ Оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған, AI құралдарымен байытылған заманауи әдістерді тәжірибеде қолдану.
2️⃣ Педагогтардың AI құралдарын сабақта қолдану тәжірибесін талқылау және тиімді тәсілдерді анықтау.
3️⃣ Инклюзивті білім беру үдерісінде AI-негізді технологияларды қолдану арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру.

🏆 Қорытындысы бойынша:
✔️ Спикерлерге – «Алғыс хат»
✔️ Мақалалары сараптамадан өткен қатысушыларға – «Сертификат» табысталады.

📝 Мақала жіберу талаптары:
• Көлемі: 3–5 бет
• Қаріп: Times New Roman, 14 кегль
• Жоларалық интервал: 1
• Пішім: электронды нұсқада
📩 Материалдар мен өтінімдерді 2025 жылғы 10 қарашаға дейін
atyrauipk@orleu-edu.kz поштасына жолдау қажет.

📅 21 қараша 2025 жыл
⏰ 10:00 (ZOOM платформасында)
🌐 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы

📞 Анықтама үшін байланыс:
📱 +7 778 532 5614
Дюсенова Меруерт Мадениетовна
📱 +7 701 142 2801
Тажиева Гульмира Капановна
📱 +7 702 959 9817
Аронова Алтынай Женисовна

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:21.11.2025
  • Басталу уақыты:10:00
  • Аяқталу күні:21.11.2025
  • Аяқталу уақыты:13:00
  • Орналасқан жері:"Өрлеу-Атырау" филиалы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар