ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді 14 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында өтетін «Мұғалімдердің күнделікті педагогикалық қызметінде Lesson Study және Action Research әдістерін қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбындағы ақылы офлайн семинарға қатысуға шақырамыз!
Семинар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Семинар ұзақтығы: 8 сағат
Өтетін орны: «Өрлеу» Кәсіби даму институты,
Атырау қаласы, Л. Владимирский көшесі
Семинар мазмұны:
Lesson Study (сабақты зерттеу) – мұғалімдердің өзара бірлесе отырып сабақ өткізу әдістемесін жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және оқушылардың білім нәтижелерін жақсартуға бағытталған тиімді тәсіл.
Бұл әдіс педагогтердің кәсіби дамуына, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және білім беру үдерісіндегі жаңа өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді.
Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылады:
🔹 Lesson Study-дің негізгі мақсаты неде?
🔹 Lesson Study оқушылардың оқу мотивациясын қалай арттырады?
🔹 Lesson Study қалай ұйымдастырылады және жүргізіледі?
🔹 Action Research әдісін педагог қызметінде қалай тиімді қолдануға болады?
Бұл семинар – заманауи педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және білім сапасын жетілдіруге арналған тамаша мүмкіндік!
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:14.11.2025
- Басталу уақыты:09:00
- Аяқталу күні:14.11.2025
- Аяқталу уақыты:18:00
- Орналасқан жері:"Өрлеу-Атырау" филиалы

