Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курс аясында қалалық семинар өтті

28 қазаны мен 7 қарашасы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.

Аталған курсқа Алматы қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудің тиімді әдістерін меңгеруде. Бағдарлама мазмұны мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру үдерісін жаңартуға және заманауи педагогикалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге бағытталған.

Курс барысында №152 мектеп-гимназия базасында «Заманауи білім беру технологиялары және жасанды интеллект арқылы білім сапасын жетілдірудің тиімді әдістері мен ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушылар заманауи білім беру технологияларын қолдану, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу жолдары және оқушылардың ұлттық құндылықтарға негізделген тұлғалық дамуын қалыптастыру мәселелерін талқылады. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті.

Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, курс жетекшісі Н.А. Карабалаева, аға оқытушы Ф.С. Нарсеитова, сондай-ақ Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар нәтижесінде тыңдаушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық идеяларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талдап, жаңа кәсіби серпін алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар