«Өрлеу» және British Council Kazakhstan AELLCA жобасы аясында шебер-тренерлерді оқытуды бастады

Бүгін Астанада Орталық Азияда ағылшын Тілін Оқытуды Жеделдетуге арналған білім беру бағдарламасы (Accelerating English Language Learning in Central Asia – AELLCA) аясында Өрлеудің шебер-тренерлерін оқыту басталды.

Жоба БАҰО «Өрлеу» жүйесінде тұрақты және ауқымды тренерлер даярлау моделін қалыптастыруды көздейді. Бағдарлама аясында сарапшы-тренерлер, мастер-тренерлер және пәндік тренерлер дайындалып, еліміз бойынша біліктілікті арттыру курстарының сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

British Council Kazakhstan тренерлерді оқыту бағдарламасын Ұлыбританияның Norwich Institute for Language Education (NILE) ұйымымымен бірлесіп әзірледі.

Бұған дейін іріктеу нәтижесінде Өрлеудің өңірлік институттарынан 20 кандидат бағдарламаға қабылданған еді. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша оқудан өтіп, 2026 жылдың наурыз айында British Council сертификатын алады.

Оқыту аяқталғаннан кейін шебер-тренерлер Өрлеудің пәндік тренерлерін даярлауға, сондай-ақ 2026 жылдың басында жоспарланған бағдарламаның практикалық кезеңдерін жүзеге асыруға кіріседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар