«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Дюсенова Меруерт Мадиениетовна Құрманғазы ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде «Практикалық инсайттар: курстан сабаққа дейін» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.
Семинар барысында мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, қатысушылар оқу үдерісін жетілдірудің заманауи тәсілдерімен және тиімді әдістемелік негіздермен танысты.
Практикалық жұмыстар, сараланған оқыту үлгілері, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға арналған тапсырмалар ұсынылып, педагогтер белсенді пікір алмасуға қатысты.
Меруерт Мадиениетовна тренерлік тәжірибесінен алынған нақты мысалдар арқылы мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, оқу материалының тиімді құрылымы мен оқытудағы кәсіби рефлексияның маңызын түсіндірді.
Қатысушылар өз сабақтарында қолдануға болатын жаңа идеялар мен әдістерді айқындап, бірқатар практикалық ұсыныстар алды.
Семинар соңында педагогтер ұйымдастырушыларға және тренерге пайдалы ақпарат, кәсіби бағыт-бағдар және жаңашыл серпін бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

