ҚР Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары: Қаржылық сауаттылық мектептен басталуы керек

17-ші қараша күні ҚР Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы ресми жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтымен жүргізілетін «Қаржылық сауаттылық негіздері» курстартарына қатысты.
Ерұлан Кенжебекұлымен ресми кездесуде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Латипа Қожамжарова «Қаржылық сауаттылық негіздері» курс барысының білім беру бағдарламасы негізінде әзірленген оқу материалдары мен мультимедиялық оқыту, әдістемелік жинақтар, интерактивті құралдар және мұғалімдерге арналған қосымша цифрлық материалдардың қолданысы мен курс тренерлерінің оқыту сапасы туралы есепті баяндама жасады.
Сонымен қатар, Ерұлан Кенжебекұлының курс тыңдаушыларымен кездесу барысында ұстаздар «қаржыға қатысты мәселелер, алаяқтық түрлері және қоғамдағы өзекті проблемалар» туралы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Кездесу соңында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы «Өрлеу» ұжымына сапалы қызметтері мен жоғары жауапкершіліктері үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар