Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Шиелі ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №127 мектеп-лицейі, №152 орта мектебі, №214 орта мектебі және аудандық Оқушылар үйі арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықты нығайтудағы басты мақсат – білім ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек беру, біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу, курстан кейінгі қолдау көрсету.
Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін келісімге келді. Мектеп педагогтеріне әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.
Аталған келісім «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Шиелі ауданының білім беру ұйымдары арасындағы табысты, бірлескен жұмыстардың бастамасы болады деген сенімдеміз.



